«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Зейнетақы шотын бұғаттайды»: Абайлаңыз, алаяқтардың жаңа түрі шықты

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтарға алаяқтардың жаңа түрін шыққанын ескертті деп хабарлады turkystan.kz БЖЗҚ сайтына сілтеме жасап.

«Өзін «БЖЗҚ» АҚ қызметкерімін деп таныстырып, салымшының зейнетақы шотын ашу үшін қандай да бір банктік шотты толтыруды сұрайтын анықталмаған тұлғалардың бірлі-жарым қоңырау шалу жағдайлары басталды», – делінген хабарламада.

Қоңырау шалушылардың айтуынша, зейнетақы шоты сот ісін жүргізу үшін өтемақы төлеу бойынша шетелдік банктерден төлемдер қабылдау үшін қолданылады екен. Егер сіз ақша аударудан бас тартсаңыз, зейнетақы шоты бұғатталып қалады деп ескертеді.

БЖЗҚ мұндай қоңыраулар БЖЗҚ қызметкерлерінен түспейтінін ескертеді және мұндай қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені тоқтатуды сұрайды (!). Сондай-ақ төмендегі заң тармақтарын естеріңізге саламыз:

– «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 50-бабының 3-тармағына сәйкес, салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе өндіріп алуға жол берілмейді.

– «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабы 14-тармағына сәйкес, салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарынан өндіріп алуға болмайды.

Осылайша, сот орындаушысының немесе кез келген үшінші тұлғаның сіздің жеке зейнетақы шотыңыздағы зейнетақы жинақтарынан өндіріп алуы мүмкін емес.

ЕСКЕРТУ: Сіздің жеке зейнетақы шотыңыз ешқандай жағдайда бұғатталмайды!

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда балаларға арналған тегін ұшақ билеті бәріне бірдей берілмейді: Талаптары белгілі болды

admin_mugalzhar

ЕКПЕ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

admin_mugalzhar

Биыл еліміздегі шетелдіктерге 1 млрд теңге айыппұл салынды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.