«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕЛ ҚАНДЫАҒАШТЫҢ АЩЫ ШЫНДЫҒЫ

Қазіргі Қандыағаш атауы бастауын бұрынғы №7-ші ауыл, яғни Ел Қандыағаштан алады. Ол жерде мешіт, бала оқытқан медреседе білімді қазірет, ишан, молдалар дәріс беріп, имандылыққа, адал болуды үйреткен, оқытқан. Қазан төңкерісінен кейін патша әскері жеңіліп, шегініп келе жатып, жолындағы кездескен ауылдарды басып алып, малдарын талан-таражға салған. Сондай зорлық-зомбылыққа ұшыраған ауылдардың бірі — №7 ауыл. Көнбеген ауыл тұрғындарын осы ауыл маңындағы ағаштарға дарға асып, атып, төңіректі қан-жоса қылған. Соны көрген халық ол жерді Ел Қандыағаш атап кеткен. Сол кезеңде Ел Қандыағашта басындағы тас арасынан, қысыжазы қайнап шығып жатқан бұлақтарды көрсеңіз!

Бір емес бірнеше бұлақ ағып жатқан көк шалғынды, көк майса шөбі бар жерді жер жаннаты дерсің. Осындай көрікті жерде халықтың көп тұруы заңдылық. Аталған ауылда халықтың көп тұрғандығын ауыл қасындағы қорымның үлкендігі де дәлелдейді. Қазіргі Қандыағаш қаласына 1900 жылдардың басында темір жол салына бастаған сәтте №7 ауылдан адамдар көшіп келіп, темір жолға жұмысқа тұрған. Бүгінде елді мекен үлкейіп тоғыз жолдың торабына айналған Қандыағаш атанды.

Базарбек КӨШКІНБАЕВ, Қандыағаш қаласы

 

Ұқсас ақпараттар

МАМАНДЫҚТЫ ТАҢДАУ — МЕКТЕП ЖАСЫНАН

admin_mugalzhar

Елімізде Сот әкімшілігі пайда болады

admin_mugalzhar

Қазақстанда карантин режимі қандай жағдайда жеңілдетіледі?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.