«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: 479 ОҚУШЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Жыл сайын дәстүрге айналған «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы биыл да жалғасын тапты. Аталған акция аясында аудан бойынша Міндетті оқу қорынан жалпы соммасы 17 909 331 теңге көлемінде қаржы бөлініп, 479 оқушыға көмек көрсетілген. Бұл туралы аудандық білім бөлімінің маманы Мейрамгүл Жұманбетова айтты.

Аудандық білім бөлімінің мамандары жаңа оқу жылында көмекке мұқтаж отбасылардың есебін жинаған. Жасақталған тізім бойынша Міндетті оқу қоры есебінен яғни, облыстық бюджеттен мектепке баратын оқушылар үшін бір реттік қаржы аударылған.

— Қор есебінен аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға 37 389 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Бүгінде аталған бір реттік көмек оқушылардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің жеке есеп-шоттарына аударылуда. Бұл акция жыл бойы жалғасады, — деді Мейрамгүл Қонысбайқызы.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Мәжіліс Сенаттың әлеуметтік желі мен кибербуллингке қатысты түзетулерімен келісті

admin_mugalzhar

Учаскелік комиссияларды даярлау ауқымы: Қазақстанда референдумға байланысты 71 мыңнан астам адам арнайы оқу курсынан өтіп жатыр

admin_mugalzhar

МЕМЛЕКЕТТІҢ КЕШЕНДІ ӨЗГЕРУІНЕ БАҒЫТТАЛЫП ОТЫР

admin_mugalzhar