10 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстан аумағының басым бөлігіне арктикалық антициклон әсер етеді және жауын-шашынсыз аязды ауа райы болуы мүмкін. Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты қар жауады, облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарда кейде қалың қар жауып, жел күшейеді, боран, тұман, көктайғақ болуы мүмкін», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Түнде Маңғыстау облысында қатты аяз -25 градус, Атырау облысында қатты аяз -30 градус, Ақтөбе облысында қатты аяз -35-39 градус, Қостанай облысының шығысында қатты аяз -40 градус болуы мүмкін.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Батыстан соғатын жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -33-35, күндіз -28-30°С болады.
Алматыда күн бұлтты, таңертең және күндіз қалың қар жауады. Кейде тұман, көктайғақ болады. Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -4-6°С аяз болып, күндіз одан да төмендейді.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады. Кейде тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз -7-9°С болады.