«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда әуе билеттері қымбаттады

2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы әуе жолаушылар тасымалы қызметінің құны бір жылда 16,8%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Energyprom.kz мәліметінше, бағаның қымбаттауы ең алдымен Батыс Қазақстан облысында байқалды (67%). Тағы екі облыста бағаның өсуі тіркелді. Ол Абай облысы (жылына плюс 57,3%) және Қостанай облысы (плюс 43,2%).
Тек Ұлытау (20,8%) және Алматы облыстарында (3,9%) ғана бағаның төмендеуі байқалады.
«2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында авиакомпаниялар 11 миллион жолаушыны тасымалдады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 16,5 пайызға көп. Ең жоғары көрсеткіш Алматыда тіркелді — 7,4 миллион адам», делінген хабарламада.
Сонымен қатар сарапшылардың мәліметінше, 2022 жылы аптасына 477 рейс жиілігімен 108 бағыт бойынша 30 елге халықаралық рейстер қалпына келтірілді.
6 қаңтарда Қазақстанда «ашық аспан» режимі бес жылға, яғни 2027 жылға дейін ұзартылғаны белгілі болды. Бұл рейстер географиясын кеңейтіп, халықаралық рейстердің санын көбейтеді.

Ұқсас ақпараттар

2021 жылы Ақтөбе облысында 465 шақырым жол жөнделеді

admin_mugalzhar

Су басқан аймақтардан 11 306 адам эвакуацияланды

admin_mugalzhar

Елімізде Республика күні қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды

admin_mugalzhar