«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҚКЕМЕРЛІКТЕР САЙЛАУДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

Бүгін Ақкемер ауылдық округінің тұрғындары өз әкімін сайлау үшін сайлау учаскелеріне ағылуда. Округ бойынша Ақкемер ауылындағы #322, Елек ауылындағы #323, Көтібар ауылындағы #324 және Жарық ауылындағы #326-шы сайлау учаскелері бойынша жалпы саны 1727 сайлаушы бар.
Таң сәрімен келіп, дауыс бергендердің қатары көп болды. Олардың арасында алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауын жасаған Елек ауылының жас тұрғыны Гүлмира Қаршығина да бар.
Қазіргі таңда сайлау комиссиясының бірқатар мүшелері ауылды аралап, үйден дауыс беретіндерге барып, дауыс жинауда.
Айта кетейік, Ақкемер ауылдық округінің әкіміне үміткер болып «Аманат» партиясынан Дамир Қожаниязов, «Ақжол» партиясынан Анес Сейілхан және өзін өзі ұсынған Аман Жоныс түсуде.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанның энергетика саласы жылыту маусымының нәтижелі аяқталғанын және алдағы ауқымды жаңғырту жұмыстары жайында хабарлады

admin_mugalzhar

Ұлттық құрылтай – ортақ мақсат пен келелі істердің бастауы

admin_mugalzhar

Конституциялық комиссия екінші отырысында «Құрылтай», «Халық кеңесі» бөлімдері бойынша нормаларды талқылады

admin_mugalzhar