«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Бүгіннен бастап банкроттыққа өтінім қабылдау басталады

Бүгіннен бастап банкроттыққа өтінім қабылдау басталады деп хабарлады turkystan.kz.

2022 жылы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңға қол қойды. Заң 1 қаңтарда ресми түрде жарияланды. Заң бойынша бүгіннен бастап қарыздары бар, сол қарыздарын өтей алмайтын азаматтар банкроттық туралы өтініш бере алады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың несие қарызы 14 трлн теңгеге жеткен. Соның ішінде тұтынушылық несиенің көлемі – 8 трлн теңгені құраған. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, 1,5 млн адам қаржы институты алдындағы қарызын төлей алмай жүргеніне 90 күннен асып кеткен. Бір басында бірнеше несиесі барлар да жетерлік. Яғни, азаматтардың төлем қабілетінің нашарлауы аталған шараға жүгінуге мәжбүр етті деген қорытындыға келуге болады.

Заң жобасын әзірлеу барысында жеке тұлғалардың банкроттығы институты қалыптасқан елдердің тәжірибесі сараланып, тиісті нормалар алынғанын атап өттік. Осылайша, рәсімдердің 3 түрі енгізілді. Олар – соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Аталған рәсімдерге тек қарыз алушының өзі бастамашы бола алады, яғни кредитордың борышкерді банкрот деп жариялау жайлы өтініш беруге құқығы болмайды.

Банкроттықтың салдары:

– 5 жыл ішінде қарыздар мен кредиттер алуға шектеу (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа);

– банкроттықты 7 жылдан кейін ғана қайта қолдану мүмкіндігі;

– 3 жыл бойы қаржы жағдайының мониторингі.

Ұқсас ақпараттар

ЕМБІ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ БАҚЫЛАУДА

admin_mugalzhar

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Су тасқынынан зардап шеккен ауылдардың әрбір тұрғынына 100 мың теңгеден төленеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.