«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда мұғалімдер кәсіби мерекесінің датасы өзгерді

Қазақстанда педагогтардың кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні енді 5 қазанда атап өтіледі. ҚР Үкіметі тиісті қаулы қабылдады деп хабарлады turkystan.kz.

Мәлімет бойынша, мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикада Мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.

Мұғалімдер күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі.

Ұқсас ақпараттар

Оңтүстік Кореяда президент жақтастары парламенттік сайлауда жеңіске жетті

admin_mugalzhar

ҚҚС: Нақты жағдай ескерілуге тиіс

admin_mugalzhar

Эльвира Азимова Конституциялық реформаның басты мақсаты мен міндеттерін атады

admin_mugalzhar