«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

Аудан әкімдігінде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Мавр Абдуллиннің төрағалығымен жиын өтті. Жиынға мемлекеттік мекеме басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудандық қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.

Жиын барысында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин 2019 жылдың шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін Мұғалжар ауданының әкімі қызметін атқарған Асқар Шерияздановтың басқа қызметке ауысуына байланысты Мұғалжар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында атқарған қызметіне облыс әкімі Ералы Тоғжановтың атынан ризашылығын білдіріп, Алғыс хатын табыстады.

Аудан тұрғындары атынан ҚР Еңбегі сіңген дәрігер, Мұғалжар ауданының Құрметті азаматы Аманжол Адаев Асқар Тұрарұлына ауданның өркендеуі жолында атқарған сапалы қызметіне шынайы рахметін айтып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Ұқсас ақпараттар

ЖАБДЫҚТАЛҒАН КАБИНЕТ — БІЛІМГЕ АПАРАР ЖОЛ

admin_mugalzhar

Асхат Аймағамбетов: Мектептерге интернет қосатын провайдердің тарифі өте қымбат

admin_mugalzhar

ЖАҢА ЗАҢ: ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.