«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МАҚСАТ — ТҮЛЕКТЕРДІ ҚЫЗМЕТКЕ ТАРТУ

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтың тапсырмасына сәйкес аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерік Бұхарбаев Алматы қаласындағы іссапары кезінде арнайы «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетіне барып, студенттермен және түлектерімен кездесті.

Кездесудің басты мақсаты — бітіруші түлектерді ауданға қызметке тарту.
Кездесу барысында университет бітіруші жас мамандарға Мұғалжар аудандық әкімдігі тарапынан қызметке келетін мамандарға жасалынатын жағдай туралы айтып, ауданға діни қызметке шақырды.

Жас мамандардың білікті теологтар мен мешіт имамдарынан тәлім алып, тәжірибе алмасатын мүмкіншіліктері де болатындығын ескеріп өтті.
Студенттер өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, жауаптарын алды.

Кесдесуден кейін Мұғалжар ауданынан оқып жатқан студенттер университеттің тыныс-тіршілігімен таныстырып, дипломдарын алғаннан кейін елге қызмет ететіндіктерін жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

Таланттарды қолдайтын жоба

admin_mugalzhar

Зейнетақы қорын бір бөлігін кім қолдана алатыны белгілі болды

admin_mugalzhar

Ауылға алғаш рет спорт зал салынып жатыр

admin_mugalzhar