«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МАЛ БАҚҚАНҒА ЖОҚТЫҚ ЖОҚ

2021 ЖЫЛЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫМЕН МАУСЫМ АЙЫНЫҢ ЕКІНШІ ЖЕКСЕНБІСІ МАЛШЫЛАР КҮНІ БОЛЫП БЕКІТІЛДІ. ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ БЕДЕЛІН АРТТЫРЫП, ОСЫ САЛАДА ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН ЖЕТІСТІКТЕРІН КӨТЕРМЕЛЕУ МАҚСАТЫНДА БЕКІТІЛГЕН КӘСІБИ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА АУДАН АУМАҒЫНДА МАЛ ӨСІРІП, КӘСІП ЕТІП ОТЫРҒАН ЖАНДАРДЫҢ БІРҚАТАРЫН СӨЗГЕ ТАРТТЫҚ.

«Жақсы қойшы жайлауын мың күн жейді» демекші, бүгінгі мақаламызға арқау болып отырған 30 жылдан астам уақыт бойы өмірін мал бағуға арнаған Мұхтар ақсақал бүгінде баққанының ырзығын көріп отырған жан. Ата кәсіпті қазіргі күні отбасылық кәсіп түріне айналдырып отырған бұл отбасының айтары да көп. Шопан атаның салған жолын жалғап, қойдан жылқы шаруашылығына қадам басқан Қосыбаевтар отбасының үлкені, әулет ақсақалы бұл кәсіпке қалай келгендері туралы өзі баяндап берді.

-Малдың жайын мал баққан адам ғана біледі. Мал бағу екінің бірінің қолынан келетін, ата-бабамыздан кележатқан іс болғанымен, күтім мен бабына, баптауына шыдам мен сабыр керек. Мен осыншамауақытымдыбұлжолғасарпетуім де жай сәйкестік емес шығар. Өйткені өзім бала күннен үкіметтің қойын бағып, ауыл арасында «Шопан ата» деген атақты алып жүрген едім. Кейін үкімет тарағаннан кейін де ата кәсіптен алыстамадым. Ол кезде жұмыс жоқтың қасы. Кім қайда ілікті, содан бас алмай ілесіп кету керек болды. Одан кейін отбасын құрдық. Бала-шағаны асырау қажет.

Әйтеуір мал бақсаң, аузың аққа, аяғың тұяқта жүреді ғой. Қойдан бастаған қолымдағы шағын шыбығым ауылдың қора толы сиырын қайыратын үлкен қара құрыққа айналды. Қара құрықтың киесі мықты болса керек, далалықта өсіп қалған бойдақ малдарды лезде «тәртіпке» сала қоятын. Өзіміз Алға жеріндегі Босқоспа деген жерден боламыз. Кейін 1998 жылдары Қандыағаш қаласына қоныс аударып келдік. Қалалық жер болғандықтан ауылдағыдай малды еркіне жіберіп жайып жібере алмайсың. Қара жұмыстың соңында жүріп қалған маған қолымды қусырып отыру күш болды. Содан қала сыртына жақын жер үйлерден 1-2 бас сиырларын қоса алыпбағып, жайыпжүрдім. Бастапқыда бастаған түйір басым біразға жетіп, кейінбойдақмалдардықосып бағып, қаланың ішіндегі бақташы болдым. 70-ке таясам да, атқа қарғып мінер қауқарым бойымда. Бәрі де мал баққанның пайдасы ғой. Әйтпесе, менің жасыма келгендердің жайы белгілі емеспе?! Бірақ бір көңілім тоймайтыны, әкімдіктен мал бағуыма қолайлы болу үшін жер сұрап, қанша мәрте табалдырық тоздырдым, қолдау болмады… Енді, міне, өзімнің балам ізімді жалғап мал басын көбейтіп, сонысын кәсіпке келістіріп отырған жайы бар. Елдегі болған індет кезінде бие сауып, саумал сатып, сұранысқа ие болған еді. Бір биеден бастаған боз іргесі қазір кеңейіп, бір үйірге айналып отыр. Бүгінде ауылшаруашылықты дамытуға арналған сан түрлі бағдарламалар ашылып жатыр. Кәсіп бастаймын дегенге көмек көп қазір. Содан балам мен келінім 6 пайыздық несие алып, 10 бие сатып алып, одан жасайтын барлық сүт өнімдерін сатылымға шығарып, кәсіптері дөңгелеп келеді, тәубә. Келушілер қатары күн сайын артып та жатыр. Келген нығметтің шамалы болса да қайтарымы болсын деген ниетпен, әр жұма сайын тегінсаумалберетінболдық. Мал баққанға ғана бітетінге тағы бір дәлел. Өзім де, балам да осы бағытта жүріп үйренгендіктен, біреуге жалданып жұмыс істеу деген жаттайболып қалды. Сондықтан менің дәуренім кеткендіктен, балам мал басын көбейтіп, ендігі кезекте «Ауыл аманаты» бағдарламасымен сиыр алып, сиыр сүтінен жасалатын барлық сүт өнімдерін сатылымға шығарғысы келеді. Бәрі уақыттың еншісінде. Беріп жатқан көмектен құр қалмай, жасаймын, еңбектенемін деген адам ғана жақсылыққа жетіп, арқасын кеңге салып өмір сүре алады. Тек сәл қиналып еңбектенгеннен кейін ғана жақсы жетістікке жетесің.

Айдана НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

Меккеге жаяу жолға шыққан азамат қазақстандықтарды тәнті етті

admin_mugalzhar

Жұмыссыздық деңгейі — 4,8 пайыз

admin_mugalzhar

АТАМ ЖАСАҒАН ҰРШЫҚ — ҚҰНДЫ ДҮНИЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.