«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІ СПОРТШЫ ЕЛАМАН ҚОЙШЫБАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов Астана қаласында өткен спорттық және жауынгерлік самбодан Азия және Океания чемпионатының күміс жүлдегері Еламан Қойшыбаев пен бапкері Эдуард Саламатты қабылдады.

Аудан басшысы дүбірлі додаларда Мұғалжар ауданының, Ақтөбе облысының, Халықаралық ареналарда еліміздің абыройын асқақтатып жүрген Еламанды жарқын жеңістерімен құттықтады.

Кездесу соңында үздіктер сапынан көрініп жүрген Еламан Қойшыбаевқа Алғыс хат табыстап, сый-құрмет көрсетті.

Еламан шілде айында қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде Ақтөбе облысының, қараша айында самбодан Армения мемлекетінде өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады. Сонымен қатар Еламан тамыз айында Белорусия мемлекетінде өтетін ТМД елдерінің ойындарында, қазан айында Кувейт мемлекетінде өтетін Дүниежүзілік ойындарында ел намысын қорғайды.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық жастар күніне арналған Jastar Fest форумына қатысушыларға үндеу жолдады

admin_mugalzhar

Қазақстанда 2027 жылға дейін барлық ауыл ғаламтормен қамтылмақ

admin_mugalzhar

17 НАУРЫЗ — САРҚЫТ КҮНІ

admin_mugalzhar