«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысында 669 мың га жер шегірткеге қарсы өңделді

Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының ақпаратына сәйкес Әйтеке би, Мұғалжар, Ойыл, Темір, Хромтау, Шалқар және Ырғыз аудандарының аумақтарында 647 145 гектар италия шегірткесіне қарсы және 21 870 гектар алқап азиялық шегірткеге қарсы химиялық өңдеуден өткізілді. Өңір қажетті пестицидтер және техникалармен толық қамтамасыз етілген.

Сонымен бірге, фитосанитариялық жағдайды жақсарту мақсатында биыл саяқ шегірткелерге қарсы күрес жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 61,4 млн.теңге бөлінді.

Бүгінгі күнде Әйтеке би ауданында – 4 620 га, Хромтау ауданында – 1 025 га, Шалқар ауданында 700 га алқапта зиянды организмдердің зиянды экономикалық шектен асуы анықталып, жалпы аумағы 6 345 га алқапта саяқ шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Химиялық өңдеу жұмыстары қатаң бақылауда және штаттық режимде өтуде.

Сондай-ақ, облыспен шекаралас аумақтарда зиянкестердің таралуына жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

БАЛАЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК БАЗАРЛЫҚ

admin_mugalzhar

ЖАРҚЫН ЖЫЛДАР, ШУАҚТЫ ШАҚТАР

admin_mugalzhar

МҰҒАЛІМНЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІГЕ ДЕЙІН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.