«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТЫНЫШТЫҚ КЕПІЛІ — ТАЛАП ПЕН ТӘРТІП

Аудан әкімдігінде аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтың төрағалығымен жиын өтті. Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Бахытжан Кадралин, қалалық және ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары, аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында аудандық полиция бөлімінің бастығы Данияр Бекжан атқарып жатқан жұмыстары бойынша баяндама жасады.
Аудандық полиция бөлімінің бастығы Данияр Бекжан аудан көлемінде тәртіптің сақталуын, қауіпсіздікпен қылмыстың алдын-алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып өтіп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Жиын барысында қатысушылар аудандық полиция бөлімінің жұмысына қатысты толғандырған сауалдарын жолдап, өз ойларын ортаға салды.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Дархан Жанысханұлы алдағы уақытта аудан аумағында құқықбұзушылық пен қылмысқа қарсы күрес барысында жедел-қызмет жұмыстарының күшейтілетініне сенім білдірді.

Ұқсас ақпараттар

АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

admin_mugalzhar

МЕРЕКЕЛІК МАРАПАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДА: ҚАНДЫАҒАШТЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.