«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖҰРЫНДА СПОРТ АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Жұрын ауылдық округінде ҚР Конституциясы күніне орай «Ата заңым — айбыным» атты мәдени мерекелік іс -шара және спорт алаңының ашылу салтанаты өтті. Іс -шараға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов қатысып, ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады.

Спорттық алаңның лентасын ауыл ақсақалы С.Майбасов пен ауылдық қоғамдастық кеңесінің төрағасы Е.Дүзбаев кесіп жас өрендерге сәттілік тіледі.

Мерекеге орай пайдалануға берілген спорт алаңында жасөспірімдер арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Ұқсас ақпараттар

Еңбек министрі: 30 мың ер адам жұмыс істемей, АӘК-пен күн көруде

admin_mugalzhar

ПИЛОТТЫҚ ЖОБА БАСТАУ АЛДЫ

admin_mugalzhar

Елімізде 11 млн 730 мың азамат тұрғылықты жерінде тіркелген

admin_mugalzhar