«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТАЗАЛЫҚ — ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ!

Республика күні қарсаңында Мұғалжар аудандық ауруханасының медицина қызметкерлері «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізді.
Сыпырғыш, тырма, күрек және қапшық ұстаған дәрігерлер аурухана аумағын қоқыстан, жапырақтардан тазартып, ағаш көшеттерін отырғызды. Аудандық аурухана жанындағы салауатты өмір салтын насихаттау кабинетінің дәрігері Светлана Инесованың айтуынша, «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» экологиялық акциясы аясында бұл күндері барлық жерде сенбіліктер өтіп жатыр.
— Сондықтан біздің ұжым шетте қалмай, ағаш отырғызу арқылы өз үлесімізді қосуды ұйғардық. Айта кетерлігі, сенбілік-тің мақсаты – қаламыздағы тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесіне қоғамның назарын аудару. Тазалық — өзімізден басталатынын ұмытпайық!» — деп бөлісті медицина қызметкері.

Ұқсас ақпараттар

Тоқаев әйелдердің 61 жасында зейнетке шығуы туралы заңға қол қойды

admin_mugalzhar

ҚАРАКӨЛ АУЫЛЫНА ГАЗ ТАРТЫЛУДА

admin_mugalzhar

ОҚУШЫЛАР ТАРИХИ ОРЫНҒА САЯХАТТАДЫ

admin_mugalzhar