«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесі әзірленді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ең төменгі айлық жалақыны анықтау әдістемесін әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Әдістеменің негізгі мақсаты келесі үш жылға айлық жалақының ең төмен мөлшерін айқындау болып табылады.

Айлық жалақының ең төмен мөлшерін есептеу үшін өткен жылғы медианалық жалақы мен еңбек өнімділігінің нақты деректері пайдаланылады.

медианалық жалақы – бұл есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлгендегі қатардың тең ортасында тұрған және оны – медианадан төмен және жоғары жалақыдан тең екі бөлікке бөлетін жалақы мөлшері;

еңбек өнімділігі – пайдаланылатын ресурстардың бірлігіне есептегенде өнім шығаруды сипаттайтын, өндіріс көлемі мен еңбек ресурстары шығындарының арақатынасын білдіретін өндіріс тиімділігінің көрсеткіші.

Медианалық жалақы мен еңбек өнімділігінің салмағы мен үлесін айқындау үшін 3 кезеңнен тұратын талдау жүргізіледі:

1) ЕТЖ мөлшерін есептеу үшін маңызды жекелеген экономикалық, еңбек және әлеуметтік көрсеткіштердің үрдістерін талдау;

2) ЕТЖ жекелеген экономикалық, Еңбек және әлеуметтік түпкілікті нәтижелерге өзгеруінің салдарын модельдеу;

3) қолданыстағы ЕТЖ салдарын бағалау.

Айлық жалақының ең төмен мөлшерін айқындау әдістемесі бойынша есептеулерді жұмыс органы жүргізеді.

Еңбек жөніндегі уәкілетті орган жұмыс органы болып табылады.

Әдістемеге сәйкес жұмыс органы есептеген айлық жалақының ең төмен мөлшерін мүдделі мемлекеттік органдарға, әлеуметтік әріптестерге келісуге жіберіледі.

Мүдделі мемлекеттік органдар, әлеуметтік әріптестік мақұлданған жағдайда айлық жалақының ең төмен мөлшері келесі үш жылға арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру жөніндегі жұмыста есепке алу үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберіледі.

Айлық жалақының ең төмен мөлшерін есептеу үшін мынадай параметрлер қолданылады:

1) елдегі медианалық жалақының пайызымен көрсетілген салмақтар мен үлестер, ол жеткіліктілік бойынша талапты көрсетеді (%-бен);

2) кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін көрсететін орташа еңбек өнімділігінің пайызымен көрсетілген салмақтар мен үлестер (%- бен).

Айлық жалақының ең төмен мөлшерін есептеу үшін өткен жылғы медианалық жалақы мен еңбек өнімділігінің нақты деректері пайдаланылады.

Медианалық жалақы мөлшері және өткен жылғы еңбек өнімділігінің көрсеткіші ҚЖЖРА Ұлттық статистика бюросының деректері негізінде айқындалады.

Ұқсас ақпараттар

«АУЫЛ АМАНАТЫ»: 9 ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ

admin_mugalzhar

АЛТЫНДЫ МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанда күн суытады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.