«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ГАЗЕТ ТІЛШІСІ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Мұғалжар» газетінің жауапты хатшысы Асел Абданбаева аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтың Алғыс хатымен марапатталды.

Асел Әділбекқызы аудандық басылымда 20 жылға жуық елеулі еңбек етіп келеді. Ол әрдайым ауданның әлеуметтік дамуы саласында орын алған жағдайлар мен тарихи сәттерді газет бетінде таспалап, оқырманға сүйіншілеп жеткізеді. Сондай-ақ түрлі түйткілді мәселелерді көтеріп, оның жүйелі шешілуіне мұрындық болып жүреді. Асел аудандағы қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, медиаторлық қызметті де қоса атқарады.
Әріптесімізді марапатымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!

Ұқсас ақпараттар

Былтыр ақтөбелік кәсіпкерлер 680 млрд теңгенің өнімін өндірді

admin_mugalzhar

КЕРУЕН КӨРКІ — ӘН МЕН ЖЫР

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясында сөз сөйледі

admin_mugalzhar