«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«МАНСАП» ОРТАЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАНУДА

КЕШЕ АУДАНДЫҚ «МАНСАП» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНДАРЫ «ҚАМҚОР» АКЦИЯСЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ.

Аталған акцияның мақсаты — жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу және халықты жұмыспен қамту жолында жұмыстану.
Орталық мамандары Қандыағаш теміржол вокзалы ғимаратында жолаушыларға «Жастар тәжірбиесі», «Күміс жас», «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламалары туралы, ақылы қоғамдық жұмыс пен әлеуметтік жұмыс орындары жайында, грант, шағын несие, «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздері аясындағы кәсіптік оқу, атаулы әлеуметтік көмек, бос жұмыс орындары туралы толыққанды ақпараттар айтып, үлестірме материалдар таратты.
Сонымен қатар алдағы уақытта адам көп шоғырланатын сауда орындарында, аудандық ауруханада осындай ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын өткізу жоспарланғанын жеткізді.
Ал орталықтың маманы Ақмарал Төлешова «Әлеуметтік жұмыс орындары» бойынша жеке кәсіпкерлерге жолданған жұмысшыларға мониторинг жүргізді.
Айта кетейік, осы бағдарлама бойынша биылғы қаңтар айынан бастап өтініштер жиналып, ақпан айында жұмысқа жіберілді. 100-ден астам кәсіпкерден тапсырыс түсіп, бүгінде жұмыссыздық бойынша тіркелген алғашқы 29 адам жұмысқа жолданды. Орталық мамандарының айтуынша, ендігі жоспар 50-100 адамды жұмысқа жіберу. Осы мақсаттағы жұмыстар жүйелі атқарылуда.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР: АУЫЛҒА ГАЗ ТАРТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

134 ауыл және 6 шағын қала қатысып жатыр

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.