«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КЕЛІНДЕР СЫНҒА ТҮСТІ

Жем қалалық мәдениет үйінде Наурыз мерекесі қарсаңында «Келіндер сыны-2024» байқауы өтті.

Байқауға Ембі, Жем қалалары мен Мұғалжар, Құмжарған, Жағабұлақ ауылдық округтерінің келіндері қатысып, өз-өздерін таныстырып, ұмыт болған салт-дәстүрлерден көрініс көрсетіп, қолөнер бұйымдарын жасап, заманауи ас мәзірі бойынша түрлі тағамдар дайындады. Сонымен қатар келіндер салт-дәстүрге, ұлттық құндылықтар мен тағамдарға байланысты сұрақтарға жауап берді. Байқауға асыл жар, үлгілі ене, ардагер ұстаздар — Накиза Джанглышбаева, Нұржамал Тастаева, Есенбике Есенғалиевалар қазылық етті.
Шара қорытындысы бойынша, Бас жүлдені Жем қаласының атынан шыққан Орынбасар келіні Әдемі жеңіп алды. І орынды Ембі қаласынан келген Серікбай келіні Гүлдана, ІІ орынды Мұғалжар ауылынан келген Жандос келіні Гүлзат иеленді. Ал ІІІ орынды құмжарғандық Кенжебай келіні Гаухар мен батпақкөлдік Сағынтай келіні Ақгүл бөлісті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтар тамызда қанша күн демалады

admin_mugalzhar

35 қазақстандық университет Азияның үздік жоғары оқу орындарының рейтингіне енді

admin_mugalzhar

Өзге елдегі Наурыз мейрамы

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.