«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚМДБ: Онлайн құрбан шалуға арналған сайт іске қосылды

Сайт арқылы құрбан шалуға емес, құрбан етін алуға да өтініш қалдыруға болады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл онлайн құрбан шалуға мүмкіндік беретін арнайы сайтты іске қосқанын хабарлады.

«Онлайн түрде құрбан шаламын деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Тапсырысыңыз сәтті өтсе ұялы телефоныңызға смс хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі», – делінген діни басқарманың хабарламасында.

Сайтта белгіленген баға бойынша:

Қойдың құны – 75 мың теңге;

Ірі қараның құны – 490 мың теңге (оны жеті адам бірігіп шалса, орта есеппен әрбіріне 70 мың теңгеден шығады).

Сайт арқылы құрбан шалуға емес, құрбан етін алуға да өтініш қалдыруға болады.

Ұқсас ақпараттар

ТАЛДЫСАЙ: АУЫЗ СУ ЖЕТКІЗІЛІП, МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

admin_mugalzhar

ҚАЛА ТЫНЫСЫ және ӘКІМ ЕСЕБІ

admin_mugalzhar

Қазақстанда бала күтімі бойынша төлем жаңа жылдан бастап 1,5 жасқа дейін ұзартылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.