«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

1856 жас «Жасыл ел» жасағына жұмысқа тартылады

Облыста аумақтарды санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша іс-шаралар жалғасуда. Оң нәтиже көрсеткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы одан әрі жалғасатын болады, — деп жазды «Ақтөбе» газетіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Экологиялық акцияның нәтижелері мен еңбек жасақтарының қызметі облыс әкімі Асхат Шахаровтың қатысуымен өткен жиын барысында қаралды.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жомарт Бақыткелдінің мәлімдеуінше, үш ай бұрын бастау алған акция аясында шамамен 214 мың тұрғын қамтылған. Қоғамдық демалыс орындары мен үй маңындағы аумақтарды жинауға депутаттар, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, жастар қатысты. Полигон аумағына 31 мың тонна қоқыс шығарылды.

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары да акция аясында аумақтарды тазалауға өз үлестерін қосып келеді. Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Мирхан Ермағанбетовтіңмәліметібойынша осы маусымда «Жасыл ел» отрядтарына 1856 адамды тарту жоспарланып отыр. Жобаға 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар, жоғары сынып оқушылары мен студенттер қатысады. 1200 жас орман шаруашылығында көгалдандырумен айналысса, 656 жауынгер абаттандыру мен құрылыс алаңдарында жұмыс істейді. Жастар саябақтар, гүлзарлар, орман екпелері, жағалау аумақтары, бұлақтарды тазалайды, жалғызбасты зейнеткерлердің аулаларын ретке келтіреді, ағаш отырғызады. Жастар ресурстық орталықтарымен бірлесіп, олар 28 экологиялық акция өткізді.

Асхат Шахаров құзырлы органдарға аймақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын одан әрі күшейтуді тапсырды.

— Тазалық пен тәртіпті тек экологиялық акция аясында ғана емес, үнемі сақтау қажет. Сондықтан тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жалғасады. Дегенментазалықтысақтау—ортақмәселе. Әртұрғынбұғанөзүлесінқосқанда ғана іс оңалады. Ең алдымен, азаматтар тазалық мәдениетін үйреніп, тәртіпті сақтай білуі және өз аумақтарында қоқыс тастамауы керек. Осығанбайланыстыхалықарасындатүсіндіружұмыстарыжүргізілсін.

2023 жылы «Жасыл ел» еңбек жасағына 2 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Биыл біз еңбек жасағына 1856 адам қабылдауды жоспарлап отырмыз. Бұрын отрядтарға қабылдау жыл бойы жүргізілетін. Осынытәжірибегеқайтаенгіземіз. Бұл үшін қажетті қаражатты қарастыруды тапсырамын,— деп өңір басшысы бірқатар міндеттерді белгіледі.

Ұқсас ақпараттар

ОҚУШЫЛАР ЖАРЫСТАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға құжаттарды қабылдау 16 шілдеде басталады

admin_mugalzhar

АУДАН АУМАҒЫНДА ЕРТЕ КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ ҚОРЫМЫ ТАБЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.