Аудан әкімдігінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды бағалауды күшейту» және «Әйелдер үшін экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту және оларға жұмыс барысында қолдау көрсету» туралы семинар өтті.
Семинарға аудан әкімінің орынбасары Бекболат Құлмағамбетов, облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Маржан Қорғанбаева, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі, комиссия мүшесі Аққалқа Байдуллина, «Қызмет» мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы, комиссия мүшесі Мухтарита Сағындықова, «Ақтөбе облысы әйелдерінің аграрлық одағы» ҚБ басшысы, комиссия мүшесі Еркін Шукурова қатысты.
Семинарға қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы сөз қозғады. Талқылау барысында тыңдаушылар балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды нығайту мәселелерін көтерді.
Сонымен қатар Мұғалжар ауданы ПБ Әйелдер зорлық зомбылық қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Жания Кужахметова 2024 жылдың 6 айында тұрмыстық зорлық-зомбылық бағытында жүргізілген жұмыстар және қабылданған шаралар туралы, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Дәулет Серікбаев отбасын қолдау орталығының жұмысы туралы, аудандық мансап орталығының сектор меңгерушісі Ақмарал Төлешова мансап орталығының 2024 жылға жоспарланған шаралар туралы баяндады.
Семинар барысында көтерілген ұсыныстар, пікірлер мен жобалар аудандық комиссияның жоспарына енгізілді.