«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«АУЫЛ-АМАНАТЫ»: 100 ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ

Өткен жылы бастау алған «Ауыл аманаты» жобасы биыл да аудан аумағында жалғасын табуда. Мұғалжарлықтар аталған жоба аясында мал шаруашылығын дамытып, кәсіптерінің көкжиегін кеңейтуде.
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары осы уақытқа дейін «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына 699 млн 400 мың теңгені құрайтын 108 жобаның құжаттары жасақталып, тапсырылғанынын айтты. Бүгінде мақұлданған 100 жобаның құны — 638 млн 700 мыңтеңге. Олар – өсімдік, құс, мал шаруашылығы және шағын кәсіпкерліктер.
Жобаға қатысуға ниет білдірген тұрғындарға ауыл әкімдері, одан қалды ауыл шаруашылық бөлімінің мамандары мен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалы барынша демеу беріп, құжаттарын жасақтауға көмектесіп жатыр. Айталық, Бизнес-жоспарларын құруға, кепілдікке салынатын мүліктің бағалануына, құжаттардың «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына тапсырылуына, жобаның қорғалуына барынша қолдау көрсетуде. Мақұлдама алғанжобалардың 76-на қаржылары толықтай аударылды. Ал 17 жобаны ұсынған қатысушыларға қаржы жақын арада түсіру үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда, — деді бөлім басшысы Бауыржан Жалмағанбтеов.

Ұқсас ақпараттар

Олжас ҮРІСТЕМОВ: АҚЫН БОЛУ — АРМАН ҒАНА ЕДІ…

admin_mugalzhar

ЕГІС НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

admin_mugalzhar

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛҒА ЖОЛ ЖОҚ!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.