«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАНДЫАҒАШТА БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Қандыағаш қаласында қарттарға арналған «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенаманов қатысты.
Орталық заманауи тұлғаға қажетті барлық жағдаймен қамтамасыз етілген.

Орталықтың негізгі мақсаты – зейнет жасындағы адамдарды әлеуметтендіру, оларды белсенді мәдени-шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге тарту, олардың физикалық және психологиялық саулығына ықпал ету арқылы өмір сүру ұзақтығын арттыру.

Орталықтың жұмысын Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «ХХІ ғасыр дарындылары» қайырымдылық қоры жүргізетін болады.

Орталық Е.Баймұхамбетов көшесі №1 дәріхананың ғимаратында орналасқан.

Ұқсас ақпараттар

АЭС құрылысы туралы сұрақтар мен жауаптар

admin_mugalzhar

Қазақ тілінде түсірілген мультфильмдер көп болуы қажет – Тоқаев

admin_mugalzhar

ӘЛНҰРДЫҢ ЖҮЛДЕСІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.