«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП

Мұғалжар аудандық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған “Заң және тәртіп” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жиынды музей директоры Шамшат Әдбірзақов ашып, жүргізіп отырды.
Ол өз сөзінде қоғамның бүгіні мен болашағы үшін Конституциямызды құрметтеп, қорғап және маңыздылығын жоғалтпай сақтауымыз біздің, яғни әрбір Қазақстан Респулбликасындағы азаматтың міндеті мен парызы екенін атап өтті.
Дөңгелек үстелде сөз алған аналар кеңесінің төрайымы Жұмагүл Асабаева, “Қазына” ансамблінің мүшесі Қоңыратбай Үсенбаев, Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Самат Абдиров, медиатор, заңгер Гүлзия Иманбаева, найб имам Әсемхан Ерғазин, Жастар ресурстық орталығының басшысы Дәулет Серікбаев және колледж ұстаздары мен спорт мектептерінің жаттықтырушылары Конституцияның ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөліне тоқталып, мазмұнды ойларымен бөлісті.
Басқосу ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар Ата Заңның маңыздылығы төңірегінде өзара пікір алмасты.

Ұқсас ақпараттар

Бүгінгі АЭС-тер 400 тонналық реактивті ұшақтың құлауына төтеп бере алады — Эрлан Батырбеков

admin_mugalzhar

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗ — ЕЛДІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ

admin_mugalzhar

2022-2023: ЖАҢАЛЫҚ ПЕН ӨЗГЕРІС

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.