«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТҮРКИЯЛЫҚ ТУРИСТЕР МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНДА БОЛДЫ

Дүниежүзілік көшпенділер ойынын көру үшін арнайы Түркияның Стамбул қаласынан Астанаға жолға шыққан түркиялық отбасы мінген автобус Мұғалжар ауданына аялдады.

40 жастағы ағаш ұстасы Бурак Дуран мен жары Идил Дуран екі жасар ұлы Гүнеш Кутлуханмен бірге елімізде өтетін додалы жарысты келіп көруді жоспарлаған.

Түркия елінен келген қонақтарға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов бастаған мұғалжарлықтар Сағашилі ауылынан құрмет көрсетіп күтіп алды.

-Түркиядағы жерлестерімізге Қазақстанға бара жатқанымызды айтқанда қатты таңғалды. Біз отбасымызбен спортшыларымызға жанкүйер болып, қолдау білдіргіміз келеді. Автобусты баспана ретінде арнайы жабдықтау үшін 3 жыл кетті. Бауырлас халықпыз, Қазақстан біздің ата жұртымыз. Сапар барысында қазақ елінің қонақжайлылығына, табиғатының кереметтігіне риза болдым. Құрметтеріңізге алғыс айтамыз, — деді түркиялық отбасы.

Түркі әлемі көз тіккен көшпенділер ойыны кезінде Елордаға жалпы 100 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде.
Дүниежүзілік көшпенділер ойынында жерлесіміз Сағашилі ауылының тұрғыны Айбек Нақпаев жетекшілік ететін Ақтөбе облысының атбегілері ел намысын қорғайтын болады.

Ұқсас ақпараттар

Телефонды көп ұстаудың зияны

admin_mugalzhar

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

admin_mugalzhar

АУДАНДА ЖАС ҰСТАЗДАР КЛУБЫ АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.