«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫНА ЖОЛДАУ БАСТАМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ҚР Президентінің халыққа арнаған Жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері ауданға келді.

Топ құрамында топ жетекшісі, «Атамекен» студенттер отрядының жастар қоғамдық бірлестігі төрағасы Нұржан Шаңғытбаев, еңбек ардагері Нұрхан Ақниязов, облыстық мәслихат депутаты Наурызбек Сарбасов, «Jan ahual» психологиялық қолдау орталығының психологі Медеухан Жасжанова, облыстық ардагерлер кенесінің жауапты хатшысы Замзагул Бимағамбетова болды.

Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Қандыағаш станцисянда теміржол мекелерімен, аудандық орталық аурухана ұжымымен, Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінің студенттерімен және Қандыағаш қалалық 3 мектеп-гимназиясында қала тұрғындарымен кездесті. Кездесулер барысында Мемлекет басшысының Жолдауда атап өткен елдің экономикалық дамуын көздеген басты бағыттары мен бастамалары кеңінен талқыланды.

Сондай-ақ топ мүшелері 6 қазан күні өтетін Референдум туралы және эколог, ғалым мамандарының атом электростанцисы бойынша айтқан пікірлерін ортаға салып, референдумға белсенді қатысып өз таңдауларын жасауға шақырды.

Ұқсас ақпараттар

Кабирхан миллион дирхам үшін бәйгеге түседі

admin_mugalzhar

АЭС қолдаушылардың қатары тұрақты өсуде – үш сауалнаманың нәтижесі

admin_mugalzhar

Қазақстан 2027 жылы хоккейден әлем чемпионатын өткізуге өтініш берді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.