«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Су тасқыны: Ақтөбеде 44 кәсіпкердің шығыны өтелді

Ақтөбе облысында 44 кәсіпкердің шығыны өтелді. Олардың 31-і ақшасын алып үлгерді, — деп жазды KAZINFORM сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен шағын және орта бизнес өкілдеріне шығынды өтеу жұмысы жалғасып жатыр. Бүгінде өңірлік комиссия 44 кәсіпкерлік субъектісінің шығынын өтеу туралы шешімді мақұлдады. Олардың шығыны – 549,2 млн теңге.

– Соның ішінде қазіргі уақытта 31 кәсіпкерлік субъектісіне 404,6 млн теңге көлемінде қаржылық көмек көрсетілді. Қалған 13 кәсіпкерге төлемдер жақын арада жүргізілетін болады. Жалпы бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 733,5 млн. теңге бөлінді, — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, су тасқыны кезінде Ақтөбе облысында 3 мыңнан астам үйге су кірді. Оның 1020-сы жарамсыз деп танылды. Тең жартысы екінші нарықтан үй сатып алса, қалғаны жаңа құрылысты күтті. Үй құрылысы қазір Ырғыздың Нұра, Мамыр, Ойылдың Қаратал ауылдарында жалғасып жатыр.

 

Ұқсас ақпараттар

Жастар арасындағы ӘЧ: қазақстандық боксшылар 17 медаль алды

admin_mugalzhar

Астанадағы халықаралық симпозиум қорытындысы бойынша резолюция Қарар қабылданды

admin_mugalzhar

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

admin_mugalzhar