«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЭС – келешектің ұтымды жобасы

Мемлекет басшысы елімізде атом электр станциясын салу мәселесі референдум арқылы шешілетінін осыдан біраз уақыт бұрын жариялаған болатын. 

Жаһандық энергия тапшылығы жағдайында және Қазақстан экономикасының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін ескере отырып, атом энергетикасын дамыту маңызды қадам болып табылады.

Осы мәселе бойынша ұлттық мүдделерімізді және еліміздің ерекшеліктерін ескере отырып, ұзақ мерзімді шешім қабылдау өте маңызды. Сол себепті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтардың референдумға келіп, өз пікірін білдіруге шақырғанын қолдаймын.

Біз болашақты жоспарлай отырып, елдің ұзақ мерзімді мүдделері мен оның ерекше қажеттіліктерін ескеруіміз керек. Сондықтан АЭС салу мәселесінде кең талқылау мен қоғамдық келісімге негізделген ойластырылған шешім қабылдау маңызды.

6 қазанға белгіленген референдум азаматтардың еліміз үшін маңызды стратегиялық шешімдер қабылдауға қатысуы мен ашық диалогтың айқын мысалына айналмақ. Бұл қадам «халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясына және жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің дамуына деген адалдықты көрсетеді.

Барлық жерлестерімді референдумға белсенді қатысып, еліміздің болашағын қалыптастыруға өз үлесін қосуға шақырамын!

Құрал Байсұлтанов, Мұғалжар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

 

Ұқсас ақпараттар

БАССЕЙНДЕГІ БАСТАМА — ЧЕМПИОНДЫҚҚА ЖОЛДАМА

admin_mugalzhar

МАМАНДЫҒЫМ — МАҚТАНЫШЫМ, МӘРТЕБЕМ

admin_mugalzhar

15,6 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.