«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

РЕФЕРЕНДУМ: 46 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ, 41605 ҚАТЫСУШЫ

Бүгін ел аумағында өтіп жатқан атом электр станциясын салу бойынша республикалық референдумға мұғалжарлықтар да үлестерін қосуда. Еліміздің болашағы үшін таңмен таласып, сайлау учаскелеріне ағылған жұрт өз таңдауларын жасауда.
Қазіргі таңда аудан бойынша жалпы саны 46 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Оның 11-і аудан орталығы Қандыағаш қаласында орналасқан. Ал қалғандары Ембі, Жем қалаларында және елді мекендерде. Аудан аумағындағы референдумға қатысушылардың саны – 41 605.
Сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Дәрімбетовтің айтуынша, референдум учаскелерінде кедергісіз ортаны қамтамасыз ету және мүгедектігі бар мұғалжарлықтар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.
Естеріңізге сала кетейік, бюллетеньдерде «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұрақ қойылады.
Сағат таңғы 07:00-де басталған референдум 20:00-ге дейін жалғасады. Ал дауыс беру нәтижелері 7 күн ішінде жарияланады.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда бауырын іздеген америкалық ағасын 18 жылдан кейін ШҚО-дан тапты

admin_mugalzhar

Татулық пен бірлік – Қазақстанның басты байлығы

admin_mugalzhar

Өңірде “Учаске” жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр

admin_mugalzhar