«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТҮНГІ РЕЙД — ТЫНЫШТЫҚ КЕПІЛІ

Күзгі каникул кезінде оқушылардың түнгі уақытта көшелерде жүрмеуін қадағалау мақсатында Қандыағаш қаласы аумағындағы мектептердің еріктілері мен ұстаздары балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін аудандық полиция бөлімімен рейд жұмыстарын жүргізуде.

Түнгі рейд шарасының басты мақсаты — жасөспірімдер арасында орын алатын құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігін, балалар құқығының қорғалуын қамтамасыз ету.

Рейд барысында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, еріктілер мен ұстаздар мөлтек аудан, дүкен, орталық саябақ пен ойын-сауық орындарын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Жүргізілген рейд барысында 3 ата-ана бала тәрбиесінде өз міндеттерін атқармағандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аталмыш бағыттағы рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.

Ұқсас ақпараттар

БЕС ҰЛТТЫҢ БАЛАСЫ БАС ҚОСҚАН ОТБАСЫ

admin_mugalzhar

Жаңа Конституция: әділетті әрі заманауи Қазақстанды таңдаудың айғағы

admin_mugalzhar

TikTok әлеуметтік желісіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы «АДАЛ ҚОҒАМ» тақырыбында республикалық байқау өтуде

admin_mugalzhar