«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Су тасқынына дайындық»: 1500-ден астам гидротехникалық құрылыс тексерілді

Бұл туралы Су және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

 Тексеру нәтижесінде гидротехникалық құрылыстардың иелеріне анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді. Айта кетсек, елде 8 бассейндік инспекция бар, атап айтқанда, Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс, Есіл, Жайық-Каспий, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай, Шу-Талас бассейндік инспекциялары.

«Барлық су қоймалары бекітілген кесте бойынша жұмыс істейді, жоспар су тасқынына қатысты болжамдарға байланысты түзетілетін болады. Көктемгі су тасқыны кезінде еріген қар суын қабылдауға бос орынды қамтамасыз ету үшін елдің солтүстік, батыс, шығыс, орталық су қоймаларынан су жіберілді. Қазақстанның оңтүстігіндегі су қоймалары су жинау режимінде жұмысын жалғастырып жатыр», деп мәлімдеді Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының міндетін атқарушы Гүлмира Имашева.

 

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА КӨШЕСІНЕ АКАДЕМИК САЙЫМ БАЛМҰХАНОВТЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

Заң және тәртіп: 5 сәуірден бастап тіркеуден өтпеген мопедтердің қозғалысына тыйым салынады.

admin_mugalzhar

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өсті

admin_mugalzhar