«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Магистратура грантын иеленгендердің тізімі жарияланды

Білім беру гранттары магистратураға түсу үшін кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды. Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz  сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Мемлекеттік гранттар Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.

Білім беру гранттары магистратураға түсу үшін кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.

Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 2,3 мың адам қатысты.

Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2024 жылғы 26 желтоқсан мен 2025 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.

Мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімімен ҚР ҒЖБМ және Ұлттық тестілеу орталығының Telegram-арналарында танысуға болады.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ МҰНАЙШЫЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

admin_mugalzhar

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЖЕРТӨЛЕСІ ЖӨНДЕЛУДЕ

admin_mugalzhar

ҰРПАҒЫ ҰЛЫҚТАҒАН АРДАҚТЫ ЖАН

admin_mugalzhar