«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Биыл мыңнан астам су маманы Қытайда біліктілігін арттырады

Биыл мыңнан астам су маманы біліктілік арттыру курстарынан өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, олардың 100–ден астамы Қытайда тәжірибе алмасады.

Ведомство биыл мыңға жуық су шаруашылығы маманын қайта даярлау үшін біліктілік арттыру курстарын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Атап айтқанда, министрлік қытайлық Power China компаниясымен қазақстандық мамандарды ҚХР-да біліктілік арттыру курстарынан өткізу туралы келісімге келді. Сәуірде 30 адам, одан кейін 25 адамнан құралатын бірнеше топ Қытайға барады. Курстар әр тоқсан сайын өтеді. Оған жалпы саны 105 маман қатысады.

Мамандарды даярлау және қайта даярлау – еліміздің су саласын жаңғыртудың маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Тараз қаласында Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылды, онда 200-ге жуық студент оқиды. Біздің министрлік су саласы үшін кәсіби стандарттарды әзірлейтін кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес құрды. Оның негізінде қазақстандық жоғары оқу орындары өздерінің білім беру бағдарламаларын өзектендіретін болады, — деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Ғылым және инновация департаменті Су шаруашылығындағы адам ресурстарын дамыту басқармасының басшысы Дидар Жәнібекұлы.

Еске сала кетейік, былтыр 500-ден астам сушы мамандандырылған орталықтардың жанынан біліктілік арттыру курстарынан өтті. Бұл бастапқы жоспардан 12%-ға артық.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде балаларға арналған Президенттік жаңажылдық шырша өтті

admin_mugalzhar

«ИДЕЯДАН ІСКЕ» КІШІ ГРАНТТАР БЕРУ БАЙҚАУЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.