«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде мыңға жуық көлік қар құрсауында қалған

Ақтөбе облысындағы жолдарда ауа райының қолайсыздығына байланысты мыңға жуық көлік қар құрсауында қалған, деп хабарлады 24KZ. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Аймақта үшінші күн қатарынан соққан ақтүтек боран шыдас бермей тұр. Жол бойында қатар тізілген көліктерді полиция қызметкерлері жетегіне алып, діттеген жеріне жеткізді.

Елді мекенде әлі де қалың қар түсуі мүмкін. Жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетпек.

Қазгидромет орталығының мәліметінше, өңірде ақпан айының соңына дейін қар жауып, боран соғады.

Ұқсас ақпараттар

ЖАНУАРЛАРДАН ЗАРДАП ШЕККЕН 100 АДАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ ЖҮГІНГЕН

admin_mugalzhar

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

admin_mugalzhar

Экологияның жақсаруынан Үндістан тұрғындары алғаш рет Гималайды анық көрді

admin_mugalzhar