«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН МУЗЕЙІ ҮШТІКТЕН КӨРІНДІ

Облыстағы үздік экскурсовод анықталды. 21 ақпан — Дүниежүзілік экскурсия жүргізушілері күніне орай Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Үздік экскурсовод» облыстық байқауы өтті. Оған өңірдегі барлық музейден 15 адам қатысты.
Байқаудың мақсаты- аймақтағы экскурсия жүргізушілерінің кәсіби шеберлігін арттырып, мамандыққа қоғамның назарын аудару. Сонымен қатар байқауға қатысушылар осылай бір-бірімен тәжірибе алмасады.
Бұл күні облыстық тарихи-өлкетану музейіне жиналғандардың қарасы көп болды. Экскурсоводтар музейдегі жәдігерлердің көмегімен өз шеберліктерін көрсетті. Өз музейін таныстырып, қызметіндегі шеберлігін де өзгеге паш етті.
Байқау қорытындысында 15 экскурсоводтың ішінен Мұғалжар аудандық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы Айжан Сералы ІІІ орынды қанжығасына байлады.

Ұқсас ақпараттар

4 ЖЫЛДА: 427 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ЗАМАНАУИ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША КУРС ӨТУДЕ

admin_mugalzhar

ЗАҢҒА БАҒЫНАЙЫҚ!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.