«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Игі істер марафоны

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-мен бірлесіп, 2025 жылғы 1 наурыздан бастап әрбір қазақстандықтың мұқтаж жандарға өтеусіз көмек көрсетуге жеке қатысуы арқылы қайырымдылық және волонтерлік мәдениетті дамытуға бағытталған «Игі істер марафоны» жобасы іске қосылатындығын хабарлайды.
Марафон ағымдағы жылы 1 наурыз — 1 желтоқсан аралығында өтеді.
Сондай-ақ, www.qazvolunteer.kz платформасында «Мейірімділік көрсеткіші» тетігі орналастырылады, ол «игі істердің» жалпы санын есептейді.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айының бірінші онкүндігінде белсенді қатысушыларды 7 негізгі номинация («Жүректен жүрекке», «Қоғам игілігі үшін», «Салауатты қоғам», «Жақсылықтың жаршысы», «Инклюзивті келешек», «Табиғат қорғаушысы», «Жануарлар жанашыры») және 6 арнайы номинация («Ең мейірімді аймақ», «Ең мейірімді ауыл», «Ең мейірімді ұжым», «Ең мейірімді жоғары оқу орны», «Ең мейірімді мектеп», «Ең белсенді медиа») бойынша салтанатты марапаттау рәсімін өткізу жоспарлануда.
Акция немесе іс шара өткізу кезінде әлеуметтік желілерде хэштегтер қолдана отырып жариялау қажет:
✅Хештег: #ИгіІстерМарафоны2025 #МарафонДобрыхДел2025 #MarathonOfGoodDeeds2025

Ұқсас ақпараттар

3 аптадан бері азық-түлік арзандап жатыр – министрлік

admin_mugalzhar

14 ақпанда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

admin_mugalzhar

АУДАНДА АЛҒАШ РЕТ КВЕСТ ОЙЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.