«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Тазалық — қанымызға сіңуі керек

Раиса БАЙЛИЕВА,
Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында
әрдайым тазалық пен тәртіпті сақтауға көңіл бөлу қажеттігі турасында айтып: “Өткен жылдан бері елде «Таза Қазақстан» акциясы өткізіліп келеді. Ол халықтың кең қолдауына ие болып, ұлттық деңгейдегі бастамаға айналды. Қазір күн жылып, адамдар сенбіліктер ұйымдастырып, айналаны тазалап жатыр. Бұл – өте маңызды іс”, -деді.
Президенттің айтуынша, «Таза Қазақстан» – жай ғана акция емес, ол әрбір азамат пен бүкіл халқымыздың күнделікті өмір салтына айналуға тиіс.
Президенттің бұл бастамасы – елдегі экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаны қорғау жолындағы маңызды қадам. «Таза Қазақстан» акциясы тек сенбіліктермен шектеліп қалмай, әрбір азаматтың күнделікті дағдысына айналуы қажет.
Тазалық – тек қоршаған ортаны күтіп ұстау ғана емес, ол мәдениеттің, жауапкершіліктің, ұрпаққа үлгі болудың көрінісі. Әсіресе, мектептерде, оқу орындарында және қоғамдық орындарда тазалыққа мән беріп, оны жүйелі түрде насихаттау маңызды.
Осы орайда, жергілікті билік органдары, қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтар сенбіліктер ұйымдастырып қана қоймай, халықты экологиялық мәдениетке тәрбиелеу бағытында нақты қадамдар жасауы қажет. Тек осылай ғана «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық қозғалысқа айналып, ұзақ мерзімді нәтижесін бере алады.

Ұқсас ақпараттар

«Шалқар-Қандыағаш» автожолының 20 шақырымы аяқталды

admin_mugalzhar

Ряд поездов могут задержать из-за взрывов в Жамбылской области

admin_mugalzhar

АУДАНДЫҚ ЖАСТАР СПАРТАКИАДАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.