«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақ тілінде түсірілген мультфильмдер көп болуы қажет – Тоқаев

БУРАБАЙ. KAZINFORM – Анимацияны дамыту мәселесін қолға алу керек. Бұл туралы Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

– Жақында «Шоқан. Қашқария сапары» деген мультфильм шығыпты. Бұл өскелең ұрпаққа әйгілі тарихи тұлға Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет беретін өте жақсы туынды деп айтуға болады. Қазақ тілінде ұлттық нақышта түсірілген осындай мультфильмдер көп болуы қажет. Бұл – ұлт болашағына тікелей ықпал ететін мәселе. Сондықтан анимацияны дамыту мәселесін қолға алу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент қоғамда қызу талқыланып жатқан салық реформасына қатысты пікірін айтты.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша 95-орында тұр

admin_mugalzhar

Париж Олимпиадасындағы алғашқы алтын жүлде!

admin_mugalzhar

Қазақстанда 920 мың адам несие алудан ерікті түрде бас тартқан

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.