«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ХҚКО: Жаңа туған нәрестені «SMS» арқылы тіркеуге болады

Биылғы жылдан бастап жаңа туылған баланы тіркеу, оған туу туралы куәлік алу, жәрдемақы тағайындау және баланы балабақша кезегіне қою үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына бару шарт емес. Проактивті қағидаттың іске қосылуына байланысты енді бұл қызмет түрлерін кез келген адам ұялы телефон арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Халыққа қызмет көрсету орталығының Қандыағаш қаласындағы бөлімінің басшысы Абзал Жалғасовтың айтуынша, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қызмет көрсетуді проактивті тәсілге көшіру үрдісі Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес қолға алынып отыр. Бүгінгі күннен бастап дүниеге сәби алып келген ата-ана баласын тіркеу, куәлік алу, жәрдемақы тағайындау, балабақша кезегіне қою үшін кез келген қарапайым ұялы телефон арқылы 1414 нөміріне хабарлама жіберу арқылы аталған қызметтерді ала алады. Ол үшін ХҚКО орталығының бекітілген мамандары жергілікті перзентханадағы аналардың ұялы телефондарын порталдағы жеке кабинеттерінде бекітеді. Бұдан соң олардың ұялы телефондарына хабарламалар жіберіліп, бес кезең бойынша толық толтырылып болған соң аталған төрт құжатқа тапсырыс беріледі.

-Қаңтардың 3-нен бастап аталған жаңа жүйеге 11 адамды тіркедік. Алғаш рет ұялы телефон арқылы туу туралы куәлікке тапсырыс бергендерге ХҚКО Қандыағаш қаласындағы бөлімінің атынан оларға сыйлықтар берілді. Бұл дүниеге нәресте алып келген аналарға жасалып отырған жағдай. Енді олар бұрынғыдай ХҚКО келіп кезекте тұрмайды. Өздерінің ұялы телефондары арқылы мәселені шешуге мүмкіндіктері бар, — дейді орталықтың бөлім басшысы Абзал Жалғасов.

«МҰҒАЛЖАРАҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандық боксшылардың әлем чемпионатынан кейінгі табысы белгілі болды

admin_mugalzhar

Жәрдемақы 5 пайызға өседі

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНА ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ КӨЛІГІ БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.