«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІҢ НЕСИЕСІ КЕШІРЕЛЕ МЕ?

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың айтуынша, зейнеткерлердің банктерге берешегі енді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бақылауында болады. Бұл – азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шара.
Азаматтардың жәрдемақысы мен әлеуметтік төлемдері сот шешімінсіз бұғатталмайды. Бірақ зейнетақы бұл санатқа кірмейді – одан 50%-ға дейін ұстап қалуға болады. Ұлттық банк болса, егер зейнетақыны толық қорғау енгізілсе, банктер зейнеткерлерге несие беруді азайтады деп отыр.
Кейбір қарыздарды кешіру масылдыққа жол ашып, қаржы тәртібіне нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан Көшербаевтың айтуынша, мәселе қолданыстағы заңнама аясында ғана шешіледі.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда енді ерлі-зайыптылар зейнетақы жинағын біріктіре алады

admin_mugalzhar

Ядролық отынды пайдалану тәуекелі

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура органдарында азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі қадағалау қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар жүзеге асырылуда

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.