«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ащысай ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Асет Сисенғалиев интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында ауыл тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында учаскелік инспектор интернет алаяқтықтың түрлері, олардан қалай сақтану керектігі, күмән тудыратын сілтемелер мен бейтаныс адамдардан келген хабарламаларға назар аудару қажеттілігі жөнінде кеңінен ақпарат берді. Сондай-ақ, тұрғындарға өздерінің жеке мәліметтерін бөгде адамдармен бөліспеуге, онлайн сауда кезінде абай болуға кеңес берілді.
Асет Сисенғалиев мұндай құқықбұзушылықтың алдын алу үшін әр азаматтың сақтық шараларын қатаң ұстануы қажет екенін атап өтті. Түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, нақты мысалдар келтірілді.

Ұқсас ақпараттар

Құрметті ақтөбеліктер және қала қонақтары!

admin_mugalzhar

АЕК: 162 ОТБАСЫНЫҢ 825 АДАМЫНАН ӨТІНІШ ТҮСКЕН

admin_mugalzhar

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫНДА — МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ШАБАНДОЗ ҺӘМ КӨШІМ ЖЫЛҚЫСЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.