«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҚКЕМЕРЛІК “ШАМШЫРАҚ” ТЕАТРЫ ҮЗДІК АТАНДЫ

Қандыағаш қалалық №1 ЖББОМ-нің ұйымдастыруымен “Біртұтас тәрбие бағдарламасы”, “Шабыт”, “Балалар және театр” жобалары аясында аудан мектеп оқушыларынан құрылған “Театрдың таңғажайып әлемі” атты аймақтық театр фестиваль-конкурсы өтті.
Шараның ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Медет Шарипов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аталмыш шараға Ақтөбе облыстық Т.Ахтанов атындағы драма театрының актрисасы, Мәдениет саласының үздігі Ж.Қанымқұлова, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ж.Қалмұхаш, ҚР Мәдениет саласының үздігі, аудандық “Халықтық” театрының режиссері А.Мусина, аудандық “Халықтық” театрының әртісі Е.Амангелдиев, А.Жұбанов атындағы балалар музыка мектебінің директоры Ж.Құлжанов қазылық етіп, өнерпаздарға баға берді.

Ұқсас ақпараттар

Қандыағаш қаласындағы белсенді ұзақ өмір сүру орталығына 60-тан астам зейнеткер келеді

admin_mugalzhar

ВЫ НЕ ОДИНОКИ: ПОПРОСИТЕ О ПОМОЩИ И ВАМ ПОМОГУТ

admin_mugalzhar

Алматыда әскери-патриоттық тәрбие мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өтті

admin_mugalzhar