«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘЛИЯ МЕН МӘНШҮКТІҢ АНАСЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов аудан әкімдігінде Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерекесіне орай Қандыағаш қаласының тұрғыны Гүлжазира Маемерованы қабылдап, құрмет көрсетті.

36 жастағы ана 2025 жылы мамыр айының 9 жұлдызында өмірге Әлия мен Мәншүк атты егіз қыздарды дүниеге әкелді. Бұған дейін жолдасымен 3 бала тәрбиелеп отырған отбасы бірден көп балалы ата-ана атанды.

Қабылдау барысында аудан басшысы Дархан Жанысханұлы биыл елімізде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерекесі кең көлемде аталып өтіп жатқанын жеткізді.

Әлия мен Мәншүк есімді егіз қыздарды дүниеге әкелген Гүлжазира Маемероваға алғысын білдіріп, мерекеге орай мерекелік төсбелгімен марапаттап, сыйлықтарды табыстады.

Ұқсас ақпараттар

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 79,4 пайызы еліміз дұрыс бағытта келе жатыр деп есептейді

admin_mugalzhar

Мұғалімдерге «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісі тағайындалады

admin_mugalzhar

Заң мен тәртіп бар жерде әділетті қоғам орнайды

admin_mugalzhar