«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Бұлақ ауылында Әлия Молдағұлованың рухына тағзым етілді

Батырдың туған жері — Қобда ауданы Бұлақ ауылындағы ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Салтанатты шара Кеңес Одағының Батыры, тарихи тұлға Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды. 

Шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, облыс әкімі Асхат Шахаров, сондай-ақ ҚР Парламент депутаттары, мерген қыздың туыстары мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Қатысушылар Отан үшін от кешіп, сұрапыл соғыста ерлікпен қаза тапқан батырды бір минут үнсіздікпен еске алды.


Ерліктің символына айналған «Әлия» әнінің сүйемелдеуімен мәртебелі меймандар, қоғам өкілдері мен ардагерлер батыр рухына тағзым етті.

Елдің әр түпкірінен Бұлаққа жиналған Батыр қыздың туыстарына ерекше көңіл бөлінді. Олар да Әлияны еске алып, мақтанышпен оның есімін ұлықтап, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Ақтөбе облысында өтіп жатқан бұл іс-шара — Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған ауқымды тойдың бір ғана бөлігі.

@emergovkz / t.me / insta / fb / tiktok

Ұқсас ақпараттар

Ұялы байланыс операторларына 3 млрд теңге айыппұл салынды

admin_mugalzhar

Отбасы банк бастапқы жарнаны 10%-ға түсірді

admin_mugalzhar

Биылғы егін бітік шықты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.