«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

200-ден астам мұғалжарлық баспаналы болады

Биылғы жылы пәтер кезегінде тұрған 200-ден астам отбасы қоныс тойын тойлайды.

Өткен жылы соңғы отыз жылда бірінші рет Қандыағашта екі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын. Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Амангүл Үрістемованың айтуынша, бүгінгі таңда «Достық» мөлтек ауданы мен «Жастық» мөлтек ауданында бой көтерген екі көпқабатты үйдің құрылысы толық аяталды. Сонымен қатар, биыл «Самал» мөлтек ауданында («Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимараты маңынан) 8 пәтерлік 3 тұрғын үй салынады. Бұл үйлердің құрылыс жұмыстары мамыр айында басталып, қыркүйек айында аяталады деп күтілуде.

Қандыағаш қаласында бұдан басқа, былтырғы жылы жөнделіп басталған Есет батыр көшесіндегі №13 үйде  қаражат мәселесі шешілсе жөнделіп, пайдалануға берілмек.

Аудандық тұрғын үй шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне сүйенсек, жалпы қазіргі күні Қандыағаша қаласында пәтер кезегінде тұрғандардың саны – 1 378 адам.

Әнуар ЕСҚАРА

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандық жоғары оқу орындарының дипломдары Еуропа елдерінде жарамды болады

admin_mugalzhar

АУДАНДА 747 АДАМ АӘК АЛАДЫ

admin_mugalzhar

МЕРЕЙТОЙЛАР ЖЫЛЫНДАҒЫ МЕРЕЙЛІ ІСТЕР

admin_mugalzhar