«Жолаушылар тасымалы» ұлттық тасымалдаушысы демалыс маусымында Ақтөбе – Астана бағыты бойынша қосымша пойыз шығарады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Пойыз 4 шілдеден 2 қыркүйекке дейін жүреді.
Жөнелту уақыты:
• Ақтөбеден – 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28 шілде; 2, 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30 тамызда
• Астанадан («Нұрлы жол» вокзалынан) – 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30 шілде; 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28 тамыз және 1 қыркүйекте
Келу уақыты:
• Астанаға («Нұрлы жол» вокзалына) – 5, 9, 13, 17, 21, 25, 29 шілде; 3, 7, 11, 15, 19, 23, 27, 31 тамызда
• Ақтөбеге – 7, 11, 15, 19, 23, 27, 31 шілде; 2, 5, 9, 13, 17, 21, 25, 29 тамыз және 2 қыркүйекте
Пойыз құрамында алты купе және алты плацкарт вагоны болады.