«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2026 жылы инфляция 10 пайыздан төмен болады — Ұлттық экономика министрі

КAZINFORM — Үкімет 2026 жылы елдегі инфляция деңгейі 10 пайыздан төмен болады деп болжап отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті.

— Жыл соңына дейін біздің алдымызда нақты бағдарлар тұр. Олар: экономиканың өсуін 6%-дан кем емес деңгейде ұстау; инфляцияны 10-11%-ға дейін төмендету. (Бұл ретте, 2026 жылы инфляция деңгейі 10%-дан төмен болады). Шамамен 25 млрд доллар тікелей шетелдік инвестициялар тарту; негізгі капиталға инвестициялар көлемін 26 трлн теңгеге дейін жеткізу; шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімге үлесін шамамен 40% деңгейінде қамтамасыз ету, — деді вице-премьер.

Бұған дейінгі Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкіметтің коммуналдық тарифтерді көтеру шарасын кейінге қалдыру туралы шешімін уақтылы әрі орынды қадам деп бағалайтынын жазған едік.

Ұқсас ақпараттар

ЖАҢАТҰРМЫС АУЫЛЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

«Қаңтар оқиғасы: Дерек пен дәйек» фильмі жарық көрді

admin_mugalzhar

Елімізде биатлоннан жасөспірімдер арасында қысқы Азия чемпионаты өтеді

admin_mugalzhar