«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕЛІМІЗДЕ 100 ФУТБОЛ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ

Қазақстан футбол федерациясы FIFA Arena жобасы аясында 100 жаңа шағын футбол алаңын салады.Бұл туралы ҚФФ ресми мәлімдеді.

Қазақстан футбол федерациясы Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) бастамасымен жүзеге асырылатын FIFA Arena әлемдік инфрақұрылымдық жобасына қатысатын 11 елдің бірі болып таңдалды.
Жоба аясында Қазақстан мектептерінде заманауи талаптарға сай 100 шағын футбол алаңы салынады.

FIFA Arena бағдарламасы бойынша әлем бойынша 1000 мектеп алаңы салу жоспарланған. Әрбір алаңның өлшемі — 20 х 40 метр, және ол ФИФА бекіткен соңғы техникалық талаптарға толық сай болады.
Бұл бастама — балалар мен жасөспірімдерге қолжетімді, қауіпсіз әрі сапалы инфрақұрылым қалыптастыруды көздейді.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясында сөз сөйледі

admin_mugalzhar

Осадки, туман и гололед ожидаются в Казахстане

admin_mugalzhar

Президент киік санын реттеу мәселесін қайта зерделеуді тапсырды

admin_mugalzhar